Жүкті әйелдерге 425 мың теңге төленуі мүмкін: Біртанов денсаулық сақтау министрлігінің бастамасын растады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның 12 апталық мерзімге дейін медициналық мекемелерде есепке тұрған жүкті әйелдерге 425 мың теңге көлемінде төлем жасау туралы бастамасына түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомство басшысы министрлікте қазақстандықтар арасында өз денсаулығына жауапкершілікті ынталандыруға бағытталған бірқатар заңнамалық жобалар әзірленуде.

Сонымен, денсаулық сақтау министрлігінде 12 аптаға дейін клиникаға есепке тұрған барлық жүкті әйелдер ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 есе асатын төлем алу жөнінде ұсыныс айтылды.

Бірақ министрлікте болашақ аналарды марапаттап қана қоймай, есепке уақытылы қоймағаны үшін жазалауды да жоспарлап отыр. Осылайша, өзгерістер қабылданған жағдайда, тиісті мерзімде есепке тұрмаған әйелдерге әкімшілік айыппұл салу қаупі төнуі мүмкін.

Қазіргі уақытта түзетулер қоғамдық талқылауға берілді, содан кейін өзгерістер парламентте қаралады.

Біртановтың пікірінше, қазақстандықтар өз денсаулығына немқұрайлы қарағандықтан, бұл шаралар алдын алу үшін қажет.

x
2020-09-23
Утром10.41 ℃
Днем20.14 ℃
Вечером16.74 ℃
Ночью14.5 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.51 м/с
2020-09-24
Утром9.44 ℃
Днем17.18 ℃
Вечером14.1 ℃
Ночью12.72 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.54 м/с