Қазақстандықтардың пікірі АЭС салу мәселесін қарау кезінде ескерілетін болады – Энергетика министрлігі
Бұл мәселе бірнеше жылдан бері талқылануда, бірақ әлі күнге дейін шешім жоқ

Қазақстандықтардың пікірі АЭС салу туралы мәселені шешу кезінде ескерілетін болады, деп уәде берді энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.
«Қазақстандықтардың пікірі әрине ескерілетін болады», — деді Мырзағалиев журналистерге.
Оның айтуынша, мәселе бірнеше жылдан бері талқылануда, бірақ әлі күнге дейін нақты шешім жоқ.
Мырзағалиевтің деректері бойынша, Қазақстанда қазір электр энергиясын тұтынудың артқаны байқалады.
Ол сондай-ақ құрылыс үшін екі алаң қарастырылғанын атап өтті: Курчатовпен пен Алматы облысының Үлкен ауылында.
Кеше Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қазақстандық тарапқа ресейлік технологияларды пайдалана отырып АЭС салуға көмектесуді ұсынды. Бүгін таңертең Мырзағалиев Қазақстанның АЭС құрылысы бойынша түпкілікті шешім қабылдамағанын, бірақ оның алаңы – Алматы облысындағы Үлкен ауылы екенін хабарлады.
Әлия Иксанова, Vласть