БҚО – да бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Бала үш жаста. Қайғылы оқиға 8 сәуір күні кешке Ақсай қаласында орын алған.

— Бала қазір ауыр халде жан сақтау бөлімінде, ес-түссіз жатыр. Баланы Оралға тасымалдау мүмкін емес,себебі ол комада. Ақсай қаласына балалар нейрохирургі, хирург және реаниматолог құрамында санавиация бригадасы келді. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургімен телефон арқылы кеңес өткізілді, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мария Драчёва