БҚО-да 148 киік мүйізін тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды
Ер адамды «Сырым-Авто» шекара бекетінде тексеру кезінде табиғат қорғау полициясының қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп қолға түсірді.

— 9 сәуір күні шамамен сағат 11:45 — те шекара бекетінде тексеру кезінде 49 жастағы Өзбекстан азаматынан 148 дана ақбөкен мүйізін тауып алған,ол оны чемоданға жасырып алып өтуге тырысқан,-деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы жәйт бойынша Бәйтерек ауданының Приурал полиция бөлімімен ҚР ҚК 339 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану).
Сондай-ақ, баспасөз қызметі 1-30 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында ақбөкендерді заңсыз аулау, сондай-ақ олардың мүйіздерін сату фактілерінің жолын кесу мақсатында «Ақбөкен» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Мария Драчева