Оралда қызылша ауруымен ауырғандар саны 31 адамға жетті
Олардың жартысы егілмеген немесе белгілі емес егу мәртебесі бар жасөспірім жастағы балалар.

– Бүгінгі таңда қала бойынша қызылша ауруымен 31 адам ауырады, оның 12-і 14 жасқа дейінгі балалар. Байланыс жасағандардан 52 адам егілді. Қызылша ауруымен ауырғандармен тығыз байланыста болып, егілгені туралы мәлімет жоқ немесе осы инфекцияға қарсы екінші вакцина дозасы жоқ 30 жасқа дейінгі адамдарға шұғыл иммундау жүргізіледі, – деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәдениет Танауов «Біз вакцинация үшін» ашық есік күнінде.
Іс-шараға қаланың кез келген тұрғыны келіп, тек қызылша ғана емес, сонымен қатар басқа да ауруларды вакцинациялау бойынша сұрақ қоюға болады.
Оның айтуынша, біздің қалада ауру күн сайын бақыланады. Қызылшаның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін жалғасады. Осы инфекцияны емдеу бойынша медицина қызметкерлерімен семинарлар өткізіледі.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін қызылша бүкіл әлем жұқтырған және қашып құтыла алмайтындай ауру болып саналған, бірақ қызылшаға қарсы вакцинация енгізілгеннен кейін ауру бәсеңдеп тек бірен-саран жағдайлар тіркеледі.
Маргарита Зябчук