Оралда жылу беру 11 сәуірде өшіріледі
«Жайықжылуқуат» АҚ қаладағы орташа тәуліктік ауа температурасы 3 күн бойы 10 градустан астам жылуға байланысты ертеңгі күннен бастап жылу беруді тоқтатады.

– Жылу беру ауа райы жағдайына байланысты тоқтатылады. Егер орташа тәуліктік температура 10 градус және одан жоғары болса, біз жылытуды өшіруіміз керек, — деді «Жайықжылуқуат»АҚ Бас директоры Мұрат Бәйменов.
Оның айтуынша, қазір тұрғындардан пәтерлерде ыстық екені туралы шағымдар көп. Олар желдеткіштерді ашуға мәжбүр, ПИК үйге жылу бармас үшін жертөлелердегі ысырмаларды жабуда.
Бас директор олардың орташа тәуліктік температураны қалай анықтайтынын айтты.
– Ресми мәліметтерді бізге «Қазгидромет»ұсынады. Біз күндізгі және түнгі температураны қосамыз, алынған соманы екіге бөлеміз. Егер алынған сан 10 градустан жоғары болса, онда қалалық әкімдіктің қаулысына сәйкес, жылытуды ажырату туралы шешім қабылдаймыз.
Ол сондай-ақ, күзде жылу қосу орташа тәуліктік температура 3 тәулік ішінде 10 градустан төмен болғанда есептеледі.
Маргарита Зябчук