Оралдық дүкенде мейірімділік сөрелері пайда болды (БЕЙНЕ)

Жарты ай бұрын «Юбилейная» аялдамасының артындағы «Проспект» азық-түлік дүкенінде ерекше сөрелер пайда болды Оларға сатып алушылар мұқтаж жандар алсын деп, азық-түлік қалдырып кетеді.

«Сөреде бірдеңе қалдырсаң, көңіліңде қуаныш пайда болады екен»,-дейді дүкенде сатып алушы

Сөрелерде азық-түлік қалдыратын сатып алушылар олар жиі жақсы көңіл-күйде жүретіндерін айтады. Бұл туралы «мейірімділік сөрелеріндегі» адамдардың мінез-құлқын бақылап тұрған сатушылар да айтады.

Орталық сауда залының басты қабырғасына біреуі жоғары, біреуі төмен екі сөре қағылған. Жоғарғы сөредегі параққа:»қалдыра алсаң — қалдыр»деп жазылған. Төменгі сөредегі парақта: «қажет етсеңіз-алыңыз»деп тұр. Сөрелерде азық-түлік: ұн өнімдері, сүт, жұмыртқа бар. Сондай-ақ, шоколад, жарма, макарон, консервілер, шай және қант.

Сөрелерге әйелдер, ерлер, қарт адамдар мен жас жігіттер келеді. Олардың біреуі сөрелерге бір нәрсе қояды, ал біреуі керісінше сөреден алады. Қарт адам сөрелерге келіп, тоқтап ойланып тұрды, алдымен сөреден батон алғысы келді де, үнсіз қалды. Сатушының мейірімді даусы оның қынжылысын кілт тыйып, ол батонды өзіне пакетке сенімді салып алды. Содан кейін сүт алып, күлімсіреп былай деді: «Енді сүтпен шай ішуге болады, көптен ішпеп едім «. Содан кейін бұрылып, былай деді: «Рахмет, мейірімді істеріңе» сосын асықпай шығуға бет алды. Сол екі ортада тағы да таныс дауыс естілді: «Біздің директорымызға рахмет,-деңіз ата».

– Бұл сөрелерді біздің директор Ирина Викторовна ойлап тапты. Олар бізде екі апта бойы ілініп тұр. Алдымен адамдар оларға барлай қарады, бірақ ұзақ емес. Сатып алушылар біздің сөрелерге не қажет деп санайды, соны қуанышпен қалдыруда. Бастапқыда тартыншақтап алып кетіп тұрды.Жаңа ғана өзіңіз көрдіңіз ғой. Мен ата туралы айтамын. Бұл жерде мен күні бойы тұрамын және осы сөрелердің не үшін екенін сатып алушыларымызға айту мен үшін бақыт. Және бірдеңе қалдыру немесе алу үшін қысылып-қымтырылудың қажеті жоқ, сөрелер сол үшін ілінген,- дейді Катя.

Катямен сөйлесе отырып, біз сөреге орта жастағы әйел келіп, сөреге пакеттегі сүтті қалдырғанын көрдік. Әйелден не себепті осылай жасап жатырсыз, бұл бастама сізге ұнайма деп сұрадық.

— Мен дүкеннің қасында тұрамын ,сондықтан да осында сауда жасау маған ыңғайлы. Мен күн сайын осы дүкенге келемін. Сөрелермен бастама өте жақсы және олар ары қарай да ілініп тұрса деймін. Менің зейнетақым өзіме жетеді, ал жетпейтін адамдар бар немесе басқа бір жағдайдағы адамдар. Сондықтан да маған сүт немесе айран, нан немесе шайға печенье сатып алып, қойып кету ештеңе емес. Дүкен өте жайлы және мұндағы мейрімділік сөрелері үйлесімді орын тапқан. Қойып кеткен нәрсең біреудің қажетіне жарағанын сезіну жаныңды қалай жадырататын білсеңіз ғой. Бір мұны бірде-бір дүкеннен көрмедім, осыдан кейін өзгелер де осылай істегісі келер,- дейді Тамара Яфарова.

Нан бөлмесінен тағы бір сатушы Айтқаным Түлекова да бізге «Мейірімділік сөресі»туралы не ойлайтынын айтты.

— Мен осында жақында жұмысқа кірдім. Ұн мен нан өнімдерін сатамын, сөрелерге қою үшін менен сатып алушылар өте көп. Сатып алушылар арасында оқушылар мен жасөспірімдер көп, оларды сырттай бақылау қызықты. Олар мұны байыпты және мұқият жасайды.

Сатып алушылармен және сатушылармен сөйлесіп, біз дүкен директоры Ирина Мищенкомен танысуды шештік.

— «Мейрімділік сөрелерімен» бастама менің ойым емес,мен оны Ресей дүкендерінен көрдім, маған қатты ұнады. Меніңше, ол біздің сатып алушыларымыздың да ойынан шыққан сияқты. Әртүрлі адамдар келеді және олардың көзқарастары да бірдей емес. Бірақ бір нәрсені ашық айта аламын, мұқтаж адам көмекті қысыла-қымтырыла қабылдайды, дұрысы алады, – дейді Ирина Мищенко.

Иринаның айтуынша, таңертең адамдар азырақ, қызған шағы – түсте және кеште, бірақ дүкеннің жабылуына қарай сөрелер бос тұрады.

– Енді «мейірімділік сөрелері», бізде әрдайым «жұмыс істейтін» болады. Мүмкін, олар уақыт өте келе көбейер, бастысы бастау бар. Және адамдардың жүрегінен орын алады, — деді Ирина Мищенко.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с