«Біздің пікірімізді ешкім сұрамайды»: үй тұрғындары бұрынғы«Сұлтан» базары аумағындағы құрылыс туралы (БЕЙНЕ)
Бұрынғы базармен көршілес орналасқан үйдің тұрғындары болашақ көрші тұрғын үй құрылысына көңілі толмайды. Олардың айтуынша, ешкім олармен құрылыс туралы келіспеген.

– Мен осында 1986 жылдан бері тұрамын. Мұнда жақсы саябақ, жасыл болды. Біздің үй апатты жағдайда саналды. Бірақ егер жанында құрылысы басталса, мен біздің үй құлап қалама деп қорқамын. Біз кімге шағымданбадық, әкіміге де бардық. Бізге: «ешқандай құрылыс болмайды»деді. Бірақ бәрібір өздерінше жасады. Бұл жерді алған кісі құрылыс жөнінде бізбен ақылдасуы тиіс қой, бірақ бізге ешкім келмеді. Бұл үйдің болмағаны жөн, — деп санайды Ольга, Мұхит көшесіндегі көрші 97 үйдің тұрғыны.
Тұрғын үй соғыс уақытында көкөністер салынған жертөлелерде тұрғанын айтады. Сондықтан да үй отырып, балкондары жарылуда.
-Біз қарсымыз,өйткені үй жақын салынады, ал алаң шағын. Менің ойымша, біздің пікірімізді ешкім сұрамайды, – дейді Мұхит 97 көшесіндегі үйдің тұрғыны Клара.
Оның айтуынша, үйдің қабырғасындағы жарықтың күн сәулесінің түспеуіне байланысты пайда болуы мүмкін. Сол себепті де қабырғалар көгеруде.
Жылдар бұрын осы аумақта сквер орналасқан. Қала әкімі Мұрат Мұқаев «ОА» сұрамына берген жауабында растады, бұл сквер алаңы 2005 жылы қоғамдық құрылысқа, дәлірек айтсақ кафе және базар салуға берілді. Ал 2018 жылдан бастап бұл жер учаскесі көп пәтерлі тұрғын үй құрылысына берілді. «Осы учаскеде үй салу қандай заңды тұлғаға тиесілі?»,- деген сұраққа, қала әкімі жауап берген жоқ.
Маргарита Зябчук
Фото және бейне: Ерсін Мерханов