ОСК мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізуге 12 миллиард теңге сұрады

Бүгін сенаттың жоспарлы отырысы барысында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстан президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізуге 12 миллиард теңге бөлу туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

«Бүгін ОСК сайлауға 12 миллиард теңге бөлу туралы өтініш енгізді. Есептеулерді бағалау, негізділігін тексеру жүріп жатыр. Қорытындысын бойынша біз хабарлаймыз. Мүмкін, азаяды. Мұны сандардың растылығы шешеді», – деді Берік Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, сұралған соманың 70 пайызы сайлау округтерінде жұмыс істеуге тартылатын адамдардың жалақысына жұмсалады.

Қаржы министрлігі екі күн ішінде талдау жүргізіп, қорытынды беруді жоспарлап отыр.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2015 жылғы президенттік сайлауға 5 миллиард теңге жұмсалды.

Сейсенбі, 9 сәуір күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік телеарналар арқылы халыққа үндеу барысында 9 маусымда Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім жариялады.

Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының кеше ұсынылған күнтізбелік жоспарына сәйкес Қазақстан президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірден басталып, 28 сәуір күні сағат 18:00-де аяқталады.

Үміткерлерді тіркеу 2019 жылғы 11 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін бірден басталады және дауыс беру күнінің алдындағы күні сағат 00:00 – ге дейін, – 8 маусымда 00:00-ге дейін жалғасады.

Сайлау 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. ОСК ақпараты бойынша, сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау дауыс беру аяқталған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірілмей аяқталады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2020-11-29
Утром-3.75 ℃
Днем-4 ℃
Вечером-7.33 ℃
Ночью-8.12 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.94 м/с
2020-11-30
Утром-8.93 ℃
Днем-6.03 ℃
Вечером-9.13 ℃
Ночью-10.44 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра4.17 м/с