Оралда жалған шақырту үшін көше жабылды
Бүгін таңертең полицейлер Карев пен Мұхит қиылысындағы жол учаскесін жауып тастады. Қазір жалған бомба туралы хабарлаған адам анықталуда.
-Бүгін сағат 05: 00-де «102» пультіне Махамбет ақын 7 көшесіндегі жеке тұрғын үйде бомба қойылғандығы туралы қоңырау келіп түсті. Полиция қызметкерлері тексергеннен кейін, қоңырау жалған болып шықты. Жалған бомба туралы хабарлаған тұлға тексерілуде,-деп хабарлады полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері.
Баспасөз қызметінің айтуынша, қоңырау шалған ер адам болған.Оған ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау» бойынша айып тағылады.