Ұлттық қордан трансфертті ұлғайту бойынша түзетулерге Тоқаев қол қойды
Заң Ұлттық қордан 2019 жылға арналған республикалық бюджетке 2 трлн 700 млрд теңге сомасында кепілдік берілген трансферт мөлшерін анықтайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Акордаға сілтеме жасай отырып.

Заң Ұлттық қордан 2019 жылға арналған республикалық бюджетке 2 трлн 700 млрд теңге сомасында кепілдік берілген трансферт мөлшерін анықтайды.
2019 жылы кепілдік берілген трансферт есебінен республикалық бюджет шығыстарының 23% қаржыландырылады және оның белгілі бір мөлшері Ұлттық қордағы қаражаттың төмендетілмейтін қалдығы бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы ЖІӨ болжамды мәнінен 30% мөлшерінде шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.
www.zakon.kz