Оралда сегіз аудан мен төрт ұйымда ыстық су ажыратылады

Су беруді бір ай бойы тоқтататын болды. Бұл жылу желілеріндегі қысымның тығыздығы мен беріктігіне гидравликалық сынаумен байланысты.

Иллюстрациялық фото

«Жайықжылуқуат» АҚ хабарлағандай, сынақ 17 сәуірден бастап басталып, бір ай бойы қайталанатын болады. Қаланың ішкі кварталдық жылу желілерімен бірге № 7 магистралін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар Н.Назарбаев даңғылы бойынша жүргізіледі. Ә. Кердері, Т. Масин, Искалиев, Сарайшық, Ж. Молдағалиев, Г. Қараш, Фрунзе көшелері, БҚМУ ауданы. Сондай-ақ, полиция департаменті, облыстық көпсалалы аурухана, «Зенит» және «Гидроприбор»зауыттарында да болады.

Сынау кезеңінде тұтынушылар жылу пункттері мен басқару тораптарында ішкі жылыту, ыстық сумен жабдықтау және желдету жүйелерін ажыратуы тиіс.

Құбырлардың үзілуі, жылу тасығыштың ағуы анықталған жағдайда:23-95-07, 23-79-57, 23-95-37. телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

Сынақтан өткен жылу желілері мерзімінен бұрын ыстық су беруге қосылады.

Мария Драчева

x
2020-02-22
Утром-6 ℃
Днем-2.17 ℃
Вечером-5.35 ℃
Ночью-7.67 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра2.98 м/с
2020-02-23
Утром-8.07 ℃
Днем-3.38 ℃
Вечером-2.89 ℃
Ночью-1.02 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра4.99 м/с