ЖКО зардап шеккен он тоғыз жасар қызды Орал ауруханасына жеткізді
Апат 16 Сәуірде бес көліктің соқтығысуы салдарынан орын алды.

— Бүгін түске жақын облыстық көп салалы ауруханаға жедел жәрдем көлігі тізе буыны соғылған, қызды әкелді. Қазіргі уақытта оған дәрігерлік көмек көрсетілуде,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, «Мерседес» жолдың бойында тұрған барлық автокөліктерді соққан. Бұл — «Газель,»Ниссан»,»Лада Веста» және «ВАЗ-2115».


— Апат сағат 12.00-де Жәңгір хан көшесінде «Бүркіт»жанармай құю стансасына қарама-қарсы болды. «Мерседес» көлігін жүргізген қыз ауруханаға жіберіліп, көлік апат орнынан эвакуацияланды. Қалған машиналар техникалық жарамсыз күйде. Қазіргі уақытта оқиғаның егжей — тегжейі анықталуда,-деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мария Драчева
