Орал маңындағы су қоймаларының бірінде балықтар өлуде (БЕЙНЕ)
Екінші жыл қатарынан Жайық-2 кентіндегі кеуіп бара жатқан өзен арнасында балық өлуде.Балықтардың өлу себебі өзеннің қыста тұтастай қатып қалуынан болуы мүмкін.

2 апта бұрын көршім біздің су айдынында балық өліп жатқанын айтты. Мен көз жеткізу үшін сол жерге барғанымда, шын мәнінде ұсақ карастар жатқанын көрдім. Мен «112» нөміріне қоңырау шалғанымда, олар өлген балыққа қатысы жоқ сұрақтар қоя бастады. «Менің жасым нешеде, денсаулығым қалай деген сияқты»сұрақтар қойды, мені мас деп ойласа керек, бірақ содан кейін мені жазып алды. Кейін Трекин ауылының әкімі келіп, осы жерді суретке түсірді, болды. Қоңырау шаламын деп уәде берді, бірақ әлі күнге дейін қоңырау жоқ. Бәлкім, олар үшін бұл жұмыс болмас. Ал біз бұрын осында шомылып, балық ауладық, қазір бұл жерде су біртіндеп кеуіп барады, — деді Жайық-2 кентінің тұрғыны Темеш Бисенғалиев.
Ауыл тұрғынының айтуынша, өткен жылдың көктемінде де осы су айдынында балық қырылды.
— Мен өткен жылы 8 мамырда осында балық аулауға келдім, мұнда өлген балықтар толып жатты, негізінен ірі — ақмарқа мен алабұға. Мен қалалық полицияға жүгіндім, онда кезекші мені жазды да қойды, — дейді Темеш Бисенғалиев.
Ол өткен жылы, бұл жердегі балықтың улануы төгілген қалдықтарға байланысты деп санайды. Ал қалдық іздері әлі де бар,сондықтан балық қайтадан қырылуда.
Трекин ауылы әкімінің орынбасары бұл су айдынындағы балықтың жаппай қырылу жағдайына түсініктеме берді. Ол балық өлімінің себебі-қатып қалу дейді.
— Бұл Жайық өзенінің өзінде емес, бұл су мен балық болған арна ғана. Ал қысқы түнде ол толығымен қатып, балық та қатып қалды. Осыған байланысты әкім сол жерге келіп, кеткен болатын, — деді Трекин ауылы әкімінің орынбасары Дәулет Көкбаев.
— «Бұл мәселені жою бойынша шаралар қабылдана ма?»,-деген сұраққа, әкім орынбасары ештеңе айтпады.
Маргарита Зябчук
Фото және бейне: Ерсін Мерханов
