БҚО-да мүгедекті ұрып өлтірген ер адамды 15 жылға соттады
17 сәуірде мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта Валерий Шалуновқа үкім шығарылды.

Валерий Шалуновтың ісі алқабилердің қатысуымен қаралды. Олар қылмыстық жазалауды жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды қарап,кінәлі деген үкім шығарды. Сот үкімін судья Бахыт Ермаханов жариялады.
Сот алқабидің ұйғарымымен сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп таныды. «Дәрменсіз күйде екені белгілі адамды өлтіру кінәсі. Он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады». Валерий Шалуновті қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Зардап шегуші аяғы жоқ, екінші топтағы мүгедек болған. Істің мән-жайына келсек, 2018 жылдың 15 желтоқсанында БҚО Бөрлі ауылында Шалуновтың үйінде оның танысы Османова мен Завалов спирттік ішімдік ішкен.
– Завалов, Османовқа моншада жуынуға көмектесуді сұрады, бірақ әйел бас тартып, ұйқыға кетті. Мүгедектерге арналған арбамен қаза тапқан адам моншаға бет алды, өзіне көмектесуге Шалуновті шақырды. Моншада достардың арасында жанжал орын алып, Завалов Шалуновті итеріп жібергенде, ол қолын күйдіріп алады. Осыдан кейін сотталушы металл бұрыштаманы алып, Заваловтың басына, ішіне және қолдарына көптеген соққы келтірген, ол оқиға орнында көз жұмды, – деді судья Бақыт Ермаханов.
Бақыт Ермахановтың айтуынша, сотталған бас бостандығынан айыру орнында алкоголизмнен мәжбүрлеп емделеді. Сондай-ақ ол жәбірленушіге 73 150 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. (30 АЕК).
Судьяның үкіммен келісесің бе, деген сұрағына Валерий Шалунов: «иә, келісемін»деп жауап берді.
Валерий Шалуновтың үкімі заңды күшіне енген жоқ және шағым жасалуы мүмкін.
Мария Драчева
Бейне: Нұрлыбек Емранов