Жылылық жексенбі күні оралады: Орал мен Ақсайдың ауа райы
Арктикалық атмосфералық фронттар бізді суықта тағы екі күн ұстайды, тек демалыс күндері ғана жылу басталады, деп болжауда «Қазгидромет»РМК.

Тағы екі күн солтүстіктен желдің бағыты сақталады, түнде ауа температурасы — 3, — 4 градусқа дейін төмендейді. Күндіз жұма және сенбі күндері ауа + 10, + 13 градусқа дейін қызады. Ал сенбі күні жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады және түнгі аяздар кетеді.
Демалыс күндері түнде + 6, + 9 градус жылы, күндіз +14, + 16 градус жылы болады.
Жел жылдамдығы 2 – 3 м/с дейін азаяды.
