Оралда көлік дөңгелегінің астына түскен жаяу жүргіншіге айып салды

Жас жігіт көлік дөңгелегінің астына түскен жол-көлік оқиғасының тергеуі күтпеген нәтижемен аяқталды. Полиция зардап шеккен жаяу жүргіншіге айыппұл салды, ал көлік иесі жәбірленушіден оның машинасымен келтірілген залал үшін 600 мың теңге өндіріп алуды сұрайды.

ЖКО орнынан бүлінген машинаның фотосуреті. Фото жол-көлік оқиғасынан кейінгі алғашқы сағатта жасалды.

Жол-көлік оқиғасы өткен жылдың 2 қыркүйегінде Оралда, Конкин көшесі, «Алау Газ» базасының ауданында орын алған. 23 жасар Арслан Ахметов жолды кесіп өтем дегенде, «Лада Приора»автокөлігінің астына түсіп қалды. ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші көптеген сынықтар — жамбас, аяқ, қабырға және бас жарақатын алды. Жол-көлік оқиғасының орнында жасалған фотосуреттен көрініп тұрғандай, көліктің маңдай әйнегі соғылып, төбесі жапырылып, алдыңғы есік тіректері мен жүксалғыштың ойығы соғылды.

Бұл ЖКО-да құдай сақтап, Арслан Ахметов аман қалды. Бірақ екі айдан кейін, 2018 жылдың 13 қарашасында полиция зардап шеккен жаяу жүргіншіге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салды. Атап айтқанда, полиция оны ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы «Жаяу жүргіншінің жол жүру ережелерін бұзуы, материалдық залал келтіруге әкеп соққан» бойынша 25 050 теңге көлемінде айыппұл төлеумен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Айыппұлдың негізі жаяу жүргінші жол бөлігін белгіленбеген жерде өткені болды.

Өткен аптада редакцияға зардап шеккен жаяу жүргіншінің әкесі Серік Ахметов жүгінді. Ол қазіргі уақытта автокөлік иесі, сотқа талап арыз бергенін хабарлады. Талап-арыздың мәні-ЖКО барысында машинамен келтірілген залалды өтеу. Талап арыз сомасы-662 730 теңге. Бұған: көлікті жөндеу құны, айыптұрағы үшін төлем, бағалаушы мен заңгердің қызметі, сот төлемі кіреді.

Сот әлі аяқталған жоқ, бірақ зардап шегушінің әкесі бұл талаппен және полицияның бұл оқиғаны тергеуді тоқтатқанына өзінің наразылығын жасырмады. Іс материалдарына сәйкес, полиция жүргізуші жаяу жүргіншімен соқтығысудан құтылуға мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келген сараптама нәтижелеріне сілтеме жасайды.

Біздің адвокат бұл оқиғаны тергеу кезінде тергеушілер мен сараптама көптеген маңызды факторларды ескермеді деп санайды. Атап айтқанда, сараптама жүргізуші осы учаскеде рұқсат етілген жылдамдықпен — 57 км/сағ.ал тежегіш жолының ұзындығы — 14 метрден астам. Көлік менің ұлымды қағып кеткен жерден кейін тежегіш жолдың өзі басталады. Бұл деген соқтығысуға дейін, жүргізуші тіпті тежеуге тырыспаған деген сөз. Екінші сәт-машина қозғалысының траекториясы. Жол-көлік оқиғасы орнынан бірнеше метр бұрын машина шеткі оңнан шеткі сол жақ жолаққа күрт ауысады. Тергеуде де, сараптамада да, жүргізуші неге бұл маневрді жасады деген мәселе туындамайды. Бірақта ЖКО зардап шеккен менің ұлымды көлікке келтірген залалды өндірсін деп сотқа береді. Тергеудің пайымдауы бойынша менің ұлымды көлік емес, керсінше менің ұлым жолға жүгіріп шығып көлікті соққан,-дейді Серік Ахметов.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің қорғаушысы ЖКО фактісі бойынша қылмыстық тергеуді тоқтату туралы полиция қаулысына шағымданды. Полиция қайта тергеу жүргізуге мәжбүр болады. Бірақ, БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайта тергеу нәтижелеріне қарамастан, жаяу жүргіншіге қатысты жол жүру бөлігінің белгіленбеген жерде өтіп кеткендігі үшін айыппұл туралы қаулы күшінде қалады.

– Заң нормалары осындай. Жаяу жүргінші-көлік жүргізушісі сияқты жол қозғалысына қатысушы. Жол қозғалысы ережелері барлығына бірдей дәрежеде қолданылады. Егер біреу ережені бұзса, ол бұл үшін заң алдында жауап береді, – деп түсіндірді қалалық әкімшілік полицияда.

Жүргізушінің пікірін алу мүмкін болмады. Жүргізушінің қорғаушысы талап арызында барлығы толық баяндалғанын мәлімдеп, түсініктеме беруден бас тартты.

Лұқпан Ахмедьяров

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с