Оралдағы мұнай өнімдерінің мөлшері алты есе артты — экология департаменті (БЕЙНЕ)
Батыс Қазақстан облысының экология департаменті Орал өзенінде май дақтарының пайда болу себебін іздеуде. Күдікті ретінде бес ұйым табылды.

Өткен аптада Инстаграм әлеуметтік желісінде «Жайық өзеніндегі май дақтары пайда болған Чапаев шығанағындағы суға батқан 20 тонна баржа туралы»ақпарат жарияланды. Затон аумағында кеме қатынасына қатысы бар 6 ұйым орналасқан екен. Кеме жөндеу зауыты мен «Су жолдары» кәсіпорнының басшылығы «ОА» журналисіне суға батқан жағдай туралы түсініктеме беруден бас тартты және болған жағдай үшін жауапкершілікті бір-біріне сілтейді.
Кейін біз БҚО экология департаментінің бастығы Ербол Куановқа жүгіндік.
— Бастапқыда ұйым майлы дақтар баржаның бетінде жиналған қардың еруінен пайда болуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Баржадан лас қар өзенге аққан. Біз судың сынамасын затоннан алдық. Бұл ұйымдар басшылығының айтуынша, өзен бетінен мұнай өнімдерін жинауға арналған арнайы бұйымдар – бондар жоқ. Зертханалық сынақтар өзендегі мұнай өнімдерінің құрамы 5-6 есе артық екенін көрсетті. Алдымен 4 компанияны тексергіміз, бірақ суға батқан баржа туралы ақпараттан кейін тексеру тізіміне 5 болып «Су жолдары» ұйымы енгізілді. Олардың бірі ластануға кінәлі. Бірақ бүгінгі таңда олардың ешқайсысы мойындамайды,- деді Ербол Қуанов.
Экология департаменті бастығының айтуынша, кінәліге айыппұл салынады.
Маргарита Зябчук
Фото және бейне Ерсін Мерханов
