Жаркент қаласында полицейлер ұлттықбюро қызметкерлеріне оқ атқан
Бердалин Жаркент қаласында атыс неден орын алғанын айтты.
Брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин Алматы облысының Жаркент кентіндегі үш полиция қызметкері мен Ұлттықбюро қызметкерлері арасындағы қақтығысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды. Zakon.kz. тілшісі

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп ішкі істер органдары жүйесінде теріс пиғылды қызметкерлерді анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Алматы облысы бойынша Ұлттықбюро департаменті және облыстық полиция департаментінің ӨҚБ бірлесе отырып, Панфилов аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы — полиция майоры, ЖПҚ бастығы — полиция майоры, сондай — ақ осы ауданның патрульдік полициясының екі полицейі-сержанттар парақорлық фактісін анықтады. Олар ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша қылмыстық іс бойынша бұрын алынған 2491 дана ондатраның терісін қайтарғаны үшін жергілікті тұрғындан 700 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктенуде. Тергеу жалғасуда, — деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ұстау кезінде патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу тобына үш рет оқ атқан.
— Нәтижесінде үш қызметкер қылмыс орнынан бой тасалаған. Аталған факті бойынша Панфилов аудандық полиция бөлімі 380 бабы 3 бөлімі 5 тармағы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді тіркеген. ҚР ҚК Қазіргі уақытта жасырынған тұлғаларды іздеу жұмыстары жүргізілуде, — деп түсіндірді Бердалин.
