Оралда иіс тиіп қайтқан отбасының бұрыңғы пәтер иесін ақтады
19 сәуір облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы Темірғалиевке қатысты бірінші сатыдағы апелляциялық ақтау үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұрын ол, екі қабатты үй пәтерінде түтін мұржасын қате орнату салдарынан, жеткіншек баланың улы газдан уланып қайтыс болуы бойынша айыпталды.
2017 жылдың сәуір айында улы газдың салдарынан жас бала қайтыс болып, 3 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің қатарында осы күнге дейін комада жатырған, қаза тапқан адамның анасы бар.
Жаңа тұрғындар – Құбашевтар отбасы пәтерге кіргенге дейін, Темірғалиев бір жыл бұрын бірінші қабаттағы тұрғындардың өтініші бойынша түтін мұржасын жөндеу үшін мамандарды шақырған. 6 жыл өткеннен кейін мұржа бітеліп, газ шығып, арты қайғылы оқиғаға себеп болған.
С. Темірғалиевке ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі «Абайсызда кісі өлтіру» және ҚР ҚК-нің 114-бабының 4-бөлігі «Абайсызда екі адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру» деген айып тағылды.
– Біз осындай шешімге келдік, себебі Темірғалиевті жауапкершілікке тарту дұрыс емес, себебі мұржаны демонтаждауды мамандар жүргізді. Ал, ол тек тапсырыс беруші және осындай жұмысты білетін адамдарға сеніп тапсырып, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін деп болжай алмады. Өкінішке орай, бұл қызметкерлерді тауып, жауапкершілікке тарту мүмкін болмады, – деді Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов.
Бұрын, Ақан Жұмағұлов журналистерге түсіндіргендей, С. Темірғалиевке тағылған айып бірнеше рет өзгертілді.
– Бастапқыда оған ҚР ҚК 277-бабы «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу»көрсетілді. Алайда бұл бап заңды тұлғаларға қатысты қарастырылады, сондықтан оны ҚР ҚК 279-бабына «құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе нормативтердің талаптарын бұзу» деп қайта саралаған. Бұл баптың субъектісі жеке тұлға болып табылады. Тапсырыс беруші ретінде ол мұржаның қайта жаңартылуын қалалық сәулет бөлімімен келісу керек еді. Бірақ ол мұны жасамады. Темірғалиев осы бап бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп түсіндірді Ақан Жұмағұлов.
Алайда, оның айтуынша, соңғы бап тек 2015 жылы ғана пайда болды, ал мұржаны жөндеу 2011 жылы жүргізілді сондықтан бұл қылмыс деп қаралмайды.
– Сондықтан жоғарғы сотқа аппеляциялық шағым берілгеннен кейін сотталушы тарапынан осы істі қайта қарап, бапты «абайсыздықта өлімге әкелу» және «абайсызда екі адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру» деп өзгерту туралы шешім қабылданды», — деп түсіндірді Ақан Жұмағұлов.
Қайтыс болған баланың әкесі Бақытжан Құбашев ақтау үкімімен келіспеді.
Енді Саламат Темірғалиев заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін шығынды өтеуге құқылы.
Маргарита Зябчук
Фото: Ерсін Мерханов