БҚО-да браконьерлерге қарсы он қылмыстық іс қозғалды
«Бекіре-2019» балық қорғау акциясы батыс аймағында үшінші апта өтуде. Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 35 фактісі анықталды.

Оларға «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу» бабы бойынша хаттамалар толтырылды.
Акция басталғаннан бері браконьерлерден 667 килограмм бекіре, 175 браконьерлік аулау құралдары және 33 жүзу және көлік құралдары тәркіленді.
Жайық-Каспий бассейні су айдындарын күн сайынғы бақылау кезінде 409 бірлік браконьерлік аулау құралдарын,су желісі мен құрал-саймандары тәркіленді, деп хабарлайды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
