Оралда саяжайшылар 14 өрт оқиғасына себепкер болды (ФОТО, БЕЙНЕ)

Олардың жартысынан көбі өткен жылғы шөп, қамыс, сабан жағудан болады. Дәл осы кезеңде қала тұрғындары саяжайларын, ал ауыл тұрғындары жазғы маусымға өз аулаларын дайындайды.

Саяжай тұрғындарының құрғақ шөпті жаққанан тұтанған өрт

Өрт санын азайту үшін БҚО ТЖД барлық бөлімшелерінің қызметкерлері облыстың барлық аумағында құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге жол бермеу бойынша жедел рейдтер өткізді.

ТЖ қызметкерлері 28 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ТЖ қызметкерлері 28 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

— Өрт қауіпті кезеңде ауылдық елді мекендерде, орман және үй жанындағы учаскелерде өрт саны күрт өсуде. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыс аумағында жалпы ауданы 1054 га болатын 54 жану орын алды.Тек өткен демалыс күндері 164 га аумақта 14 жану орын алды, — дейді БҚО ТЖД азаматтық қорғау саласындағы бақылау және зілзалалар қауіп-қатерін азайту басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев.

Сондай-ақ Ерлан Төрегелдиев 20.04.19 ж. сағат 13.30-да «Колос» 2 саяжай бау-бақша серіктестігінде жалпы ауданы 2 га болатын қоқыс, бұталар және құрғақ шөп жанғанын хабарлады. Өрт салдарынан № 76 саяжай учаскелерінде 30 ш. м. монша жанып, ал №78 саяжай учаскесінде 2 ш. м. монша қабырғасы жанып кетті.

Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, көптеген жағдайларда өрт-бұл адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға немқұрайлы қарау нәтижесі.

Өрттің туындауын болдырмау үшін тұрғындар, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажет:

– учаскені және оған іргелес аумақты жанғыш қалдықтардан, түскен жапырақтар мен шөптерден уақтылы тазарту;

– құрылыстардың жанында қоқыстарды өртемеу;

— жеке үйлер мен бау-бақша учаскелеріндегі көшелерге ағаш бұтақтары мен қоқысты жинауға болмайды, себебі бұл өрт сөндіру автокөліктерінің өтуіне кедергі келтіреді;

– электр желілерін, тұрмыстық, газ құралдарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау;

– ашық отты пайдалану кезінде абай болу: шам, керосин және дәнекерлеу шамдары, оларды қараусыз қалдырмау;

– балалардың отпен ойнауына жол бермеу.

Мария Драчева

x
2020-09-18
Утром9.52 ℃
Днем20.06 ℃
Вечером15 ℃
Ночью14.57 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.99 м/с
2020-09-19
Утром16.73 ℃
Днем19.4 ℃
Вечером13.55 ℃
Ночью12.44 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.28 м/с