«Шындықтан қашып кетпейсің» баннері үшін 15 тәулікке отырғызылған алматылық аштық жариялады
23 сәуірден бастап Әсия Төлесова оны қамауға алу туралы шешімге қарсы наразылық ретінде аштық жариялады, деп хабарлады бүгін оның анасы Жанар Жандосова. Қыз тамақтан оны босатқанға дейін бас тартпақ ниетте.

21 сәуірде Алматы марафоны кезінде сайлау тақырыбына плакат ұстаған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбеков 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 3-бөлігінде (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) көзделген ең жоғарғы жаза.
Төлесованың анасының айтуынша, тұтқындалған мекеме әкімшілігі оның қорғаушыға жазған аштық жариялау туралы арызын бермеген. Қорғаушы Жанар Жалғасбаева қабылдау-бөлу орнының басшылығы оны қорғаушыға ұзақ уақыт жібермегенін хабарлады.
Әсияның қорғаушысы аштық туралы бүгін 26 сәуірде тек онымен кездесу кезінде білген.
Бейбіт акцияның мағынасы алдағы президенттік сайлауға назар аудару үшін деп түсіндірді, сотқа Төлесова.
«Біз сайлауға назар аударғымыз келді. Біздің таңдауымыз жоқ. Біз адамдар өздерінің азаматтық ұстанымын белсенді көрсеткендерін қаладық. Егер сайлауға бойкот болса , оны дәлелдей алатыны жақсы болар еді. Ал егер бәрін өлшеп, дауыс беруге бел буса, белсенді қатысу керек. Мәселеден қашып кетпеу үшін, олармен күрескен жөн», – деді ол.
Прокурорға акцияның мақсаты мен «Менің таңдауым бар» деген сөздердің мағынасы туралы сұраққа жауап бере отырып, Төлесова: «бізге демократиялық институттар қажет. Бізге халыққа есеп беретін президент керек».
21 сәуірде жексенбі күні Алматыда марафон кезінде бірнеше белсенділер: «Шындықтан қашып кетпейсің. Менің таңдауым бар»деп жазылған баннер көтерді. Белсенділер — Әсия Төлесова, Бейбарыс Толымбеков, Сүйінбике Сүлейменова пен Айгүл Нұрболатованы Бостандық аудандық ІІБ — ға жеткізді. Онда оларды алты сағатқа жуық уақыт ұстады. АІІБ-де отырған жетінші сағатта ғана су берді, – дейді белсенділер. Белсенділердің бірі, Сүйінбике Сүлейменова жүктіліктің төртінші айында.
Толыбеков пен Төлесованың істері бойынша шешім шығарған судья мен прокурордың атына залдағылар:»Масқара! Ұят!»деп айқайлады.