БҚО-да ауыл қасынан артиллериялық снаряд табылды
Оны Теректі ауданының, Новопавловка ауылынан алыс емес жерден тапқан.

— 29 сәуір күні Теректі ауданының кезекші бөліміне Новопавловка ауылының бақташысынан даладан снарядқа ұқсас затты тапқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл артиллериялық снарядтың бас жарғышынсыз фрагменті екенін анықтады. Снарядтың ұзындығы 250 мм, ал диаметрі 70 мм. Арнайы іс-шаралар барысында заттың азаматтық соғыс кезіндегі снаряд болып табылатыны анықталды.
29 сәуірде сағат 14-00-де Новопавловка ауылынан 2 шақырым жерде снаряд барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жару жолымен жойылды.Жұмысты БҚО ІІД арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері — оқу-жаттығу взводының саперлері жүргізді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі.
Мария Драчева
