«Қаламқас» кен орнындағы апатқа кінәлі табылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Маңғыстау облысының «Қаламқас» кен орнының № 8237 ұңғымасындағы апатты тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комиссиямен «Си Бу «Инженерлік Бұрғылау Компаниясы» ЖШС кінәсі анықталды. Аварияның пайда болу себептері мен жағдайлары көрсетілген акт жасалды және осындай авариялардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар әзірленді.
Комиссия (оған министрліктің, әкімдіктің, құтқарушылардың және бірқатар компаниялардың өкілдері кірді) грифонмен газ су білінуінің пайда болу себептеріне, сондай-ақ «Си Бу «Инженерлік Бұрғылау Компаниясы»ЖШС мердігерлік бұрғылау компаниясы ұсынған жобалық және атқару құжаттарына талдау жүргізді.
«Қаламқас» кен орнындағы апат салдарынан қоршаған ортаға залал 100 миллион теңгеден асты.
«Ұсынылған материалдарды қарап, комиссия ұңғыманы бұрғылау кезінде «Си Бу» компаниясы жол берген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын анықтады, бұл грифонмен газ су білінуінің пайда болуына ықпал етті. «Си Бу» мердігерлік ұйымы ұңғыманы салуға арналған техникалық жобаны және мұнай және газ ұңғымаларын бекіту жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың талаптарын бұза отырып, цементтің қатаюын күтпестен, ұңғыманың сағасы уақытынан бұрын герметизацияланған», — деді Инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығмеджан Мақажанов.
Белгілі болғандай, «Си Бу» ақаулы шығарындыға қарсы жабдықтарды (ШҚЖ) пайдалануға қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары сақталмаған.
«Бұдан басқа, «Си Бу» тарапынан аталған ұңғыманың құрылысын қауіпсіз жүргізуге тиісті өндірістік бақылау қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ компания қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білім деңгейі сәйкес келмейді. Орын алған фактілерді ескере отырып, комиссия апаттың негізгі техникалық себебі цементтің қатаюын күту кезінде ұңғыма сағасына шығарындыға қарсы жабдықтарды герметизациялау болып табылады», — деді Нығмеджан Мақажанов.
Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді. Компанияның лицензиясынан айыру туралы мәселе қойылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 13 наурыз күні сағат 17.30-да Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында «Си Бу «Инженерлік Бұрғылау Компаниясы» ЖШС (Ақтау) жобалық тереңдігі 903 метр № 8237 ұңғымасын бұрғылау кезінде газ-су қоспасының шығарылуына байланысты штаттан тыс жағдай орын алған.
2019 жылы 13 наурызда сағат 19.00-де ұңғыма сағасы әмбебап превентордың көмегімен жапсырылды. Ұңғыманың сағасы герметикаланғаннан кейін бұрғылау алаңының айналасында грифон түрінде, жалпы алғанда 13 ошақ пайда болды.
Tengrinews.kz