БҚО онкологиялық ауруға шалдыққан науқастары Нұр-Сұлтанда революциялық емдеуді тегін алады

Қол жеткізілген келісімдердің арқасында обыр ауруына шалдыққан БҚО тұрғындары томотерапия процедурасынан тегін өтеді.

Ашық көздерден алынған фото.

Оралға арнайы келген медицина ғылымдарының докторы, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин осындай ұсыныс жасады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновпен болған кездесуде белгілі дәрігер өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында ашылған томотерапия және ядролық медицина орталығы туралы айтып берді.

«Үміт» томотерапия және ядролық медицина орталығы – бұл Қазақстандағы алғашқы обырды емдеу медициналық орталығы, онда онкологиялық ісіктермен күресу үшін қазіргі әлемдегі сәулелі терапияның ең тиімді түрі — томотерапия қолданылады. Орталықтың негізгі мақсаты сәулелі терапия саласында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, өлім-жітімді, мүгедектікті, жанама әсерлерді төмендету, әлемдегі онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Осы мақсатта орталықта АҚШ шығарған TomoTherapy HD сәулелі терапиясының инновациялық аппараттары орнатылған», — деді А. Байгенжин.

Естеріңізге сала кетейік, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжиннің Қазақстанда томотерапия және ядролық медицина орталығын ашу туралы идеясын еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған болатын. Дәрігер онкологиядан болатын ауру мен өлім-жітім жағдайын егжей-тегжейлі зерттеді, шетелдік әріптестермен бірнеше рет кездесті. Оның зор тәжірибесі мен адамдарға мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында көмек көрсету ниетінің арқасында аталған орталық пайда болды.

Томотерапия-бұл сәулелі терапияның инновациялық әдісі, инвазивті емес процедура, ол қатерлі ісік жасушаларын бұзады, олардың өсуін тоқтату үшін және обырды емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Емнің бұл түрі емдеудің басқа әдістері оң нәтиже бермеген жағдайда пәрменді болуы мүмкін. TomoTherapy HD аппараты онкологиялық ісіктермен күреседі және хирургиялық емдеуге келмейтін немесе жету қиын жерлерде орналасқан ісіктерге де әсер ете алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-15
Утром-12.09 ℃
Днем-7.19 ℃
Вечером-5.12 ℃
Ночью-4.41 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.24 м/с
2024-12-16
Утром-2.92 ℃
Днем0.37 ℃
Вечером0.13 ℃
Ночью-1.29 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра10.78 м/с