«Шале» кафесіндегі өртке кінәлі газ қызметінің жұмысшысы ақтауға қол жеткізе алмады

Облыстық соттың апелляциялық алқасы 26 жасар Александр Калининге бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. 7 ақпанда сот ер адамға «абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша айып тағып, «Шале»дәмханасындағы өрт үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

2017 жылғы 26 қазанда «Шале» кафесіне ескі газ есептегішін ауыстыру үшін «РЦКУ-Орал» ЖШС-нен слесарь А. Калинин шақырылды.

«Шале» түнгі клубының қазандығына газ беруге арналған кран жабылғанына көз жеткізбей, төмен қысымды газды жеткізетін құбырды жабатын шарлы кран жарамды және жинақталған күйде тұрғанын тексермей, табиғи газ беруді тоқтатпай, ескі газ есептегішінің орнына орнатылған металл ендірмені (уақытша жалғастырғышты) алу үшін, металл газ кілтімен жөндеу жұмыстарын бастаған. Осы жұмыс барысында А. С. Калининнің арнайы маймен жағылмаған аспапты қолдануына байланысты, газбен қоректендіру жүйесінде табиғи газдың шығуы орын алып, газ-ауа қоспасының ұшқыннан тұтанып, бұл «Шале» түнгі клубының түгел жанып кетуіне алып келді. Өрт газ құбырынан газдың шығуына байланысты ұзақ уақыт бойы (шамамен 4-5 сағат) жалғасты. Газ беруді «ҚазТрансГазАймақ» АҚ авариялық қызметі келгеннен кейін ғана, шкафтық тарату пунктін жауып, жабу кранына бітеуіш орнату арқылы тоқтатуға мүмкіндік туды», – делінген облыстық соттың баспасөз қызметінде.

7 ақпан күні қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А. Калининге ҚР ҚК-нің 292-бабы 2-бөлігі «абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»бойынша айып тағылды. Сот Александр Калининді газ жабдығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айырып, 2 жылға және 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Сондай-ақ, сот «РЦКУ-Орал» ЖШС-нен жанып кеткен «Шале» кафесінің иесі Владимир Охватовтың пайдасына 120 млн теңге өндірді. Бір ай ішінде Калинин тергеу кезінде жүргізілген техникалық сараптамалар үшін мемлекет пайдасына 37 мың теңге төлеуі тиіс.

30 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының апелляциялық сот алқасы үкімді күшінде қалдырды.

Сондай-ақ тақырып бойынша:

Оралда «Шале» клубы жанып жатыр

Оралдағы «Шале» кафесіндегі өрт сөндірілді (ФОТО, БЕЙНЕ)

«Шале» клубындағы өрт газ есептегішті ауыстыру кезінде шықты

Оралда жанып кеткен «Шале» клубының иесі шығынды 750 миллион теңгеге бағалады

«Шале» кафесіндегі өрт үшін «РКЦУ — Орал» ЖШС-нің екі жұмысшысы жауап береді»

«Шале» кафесіндегі өртке кінәліні бас бостандығынан айырды

Маргарита Зябчук

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-29
Утром1.29 ℃
Днем9.5 ℃
Вечером9.31 ℃
Ночью1.99 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.74 м/с
2025-04-30
Утром4.99 ℃
Днем13.53 ℃
Вечером13.91 ℃
Ночью10.16 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.83 м/с