Бас мүфти оразаны арықтау үшін емес, Алланың ризалығы үшін ұстау керек екенін айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз оразаны арықтау үшін емес, Алланың ризалығы үшін ұстау керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте Бас мүфти оразаның шарттары туралы айтты.

«Денсаулыққа пайдалы екен. Бір ай ораза ұстасам, ішім тазарып, жақсы болып қалады» деген оймен ораза ұстауға болмайды. Ондай адамға сауап жоқ. Бәлкім адамның ағзасына белгілі бір деңгейде оразаның пайдасы тиетін шығар. Бірақ ол Аллаға құлшылық жасап жатқан жоқ. Онда адам тек жеке басының мәселесін ойлап тұр», – деді Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте.

Серікбай қажы Ораздың айтуынша, қасиетті Рамазан айында мұсылман Алланың ризашылығы үшін ауыз бекітуі керек.

«Рамазан айында мұсылман таза ниет, кіршіксіз пейілмен құлшылық еткенде ғана адамның азғасына оразаның пайдасы тиеді. Адам рухани байиды», – дейді Бас мүфти.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы биыл Рамазан 30 күнге созылатынын, осы уақыт аралығында азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.




Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с