БҚО-да полиция экологиялық белсендіні ұстады

БҚО-ның Бөрлі ауданында полиция қызметкерлері «Жасыл құтқару» табиғат қорғау ұйымының қатысушысы Сергей Соляникті құрықтады. Оны Қарашығанақ кен орнының ықпал ету аймағынан тұрғындарын көшірген, Березовка ауылын суретке түсіру кезінде қолға түсірді.

Сергей Соляник пен оның жұбайын полиция қызметкерлері 7 мамыр күні таңертең Бөрлі ауданының Березовка кентінің тастанды күйін суретке түсірген кезде қолға түсірді. Бұл жөнінде редакцияға телефон арқылы Сергей Соляник хабарлады.

— Біз Березовка кентін суретке түсіру үшін келдік. Бүгін мұнда ауылдың бұрынғы тұрғындары жергілікті зиратқа келді. Біздің ұйым өз уақытында ауыл тұрғындарына қоныс аударуға көмектесіп отырды. Және біз қоныс аудару шарттарына қаншалықты қанағаттанғанын білу үшін олармен сөйлесуге үміттіміз. Бірақ біз қараусыз қалған ауыл кейпін суретке түсіре бастағанда, бізге полиция қызметкерлері келіп, бізді ұстап, Бөрлі АІІБ — не жеткізді, — деді Сергей Соляник.

Екі жарым сағаттан кейін Сергей Соляник Бөрлі АІІБ-нің ғимаратынан шыққанын хабарлады.

— Менімен тергеуші сөйлесіп, жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша куә болып өтетінімді хабарлады. Істің мәні не екенін білмеймін, сондықтан қорғаушысыз тергеушінің сұрақтарына жауап беруден бас тарттым. Маған 8 мамырға шақырту қағазын берді, — деді Сергей Соляник.

Қазіргі уақытта (жаңалықты жазу кезінде ұсталған уақыттан бастап екі сағат өтті) Сергей Соляник әлі де Бөрлі АІІБ-нің ішінде.

«Жасыл құтқару» қазақстандық табиғатты қорғау ұйымы 18 жыл бұрын құрылды. Ұйымның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. Ұйымның ең танымал кейстерінің бірі-Березовка ауылының тұрғындарына көмек көрсету және Көк Жайлау шатқалын құтқару науқанына қатысу.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром2.62 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером10.74 ℃
Ночью5.89 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.18 м/с
2026-04-22
Утром3.74 ℃
Днем9.16 ℃
Вечером11.72 ℃
Ночью8.73 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.88 м/с