Орал полициясы бос плакат туралы түсініктеме алу үшін прокуратураға жүгінді

Белсендіні бос плакатпен ұстаған полиция, прокуратураға түсініктеме алу үшін жүгінді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, белсенді «өз пікірін» білдіргені үшін кінәлі, бірақ прокурорлардың көмегінсіз оның әрекеттерін саралай алмайды.

Жуырда болған 22 жасар белсенді Аслан Сағутдинов қатысқан акция жалғасын тапты. Полиция белсендіні ұстағаннан кейін жарты сағаттан кейін босатқан, екінші күні оның іс-әрекеттерінде бейбіт митингілер өткізу тәртібі туралы заңды бұзу белгілері бар екенін мәлімдеген.

6 мамыр күні сағат 11.00 — де «102» оператор пультіне Абай атындағы алаңда қолында плакаты бар белгісіз ер адамның тұрғаны жайлы, қасына адамдар жиналып жатқандығы туралы қоңырау келіп түсті.Оны патрульдік полиция наряды Орал қаласы ІІБ Абай полиция бөліміне жеткізді. Жеке басы мен плакатпен шығу себептері анықталғаннан кейін 22 жастағы облыс тұрғыны ІІБ ғимаратынан кетті. Бұл ретте полиция қызметкерлері Заң аясында әрекет еткен. Оның іс-әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері қаралады. Қазіргі уақытта материал прокуратураға заңдық баға беру үшін жіберілді», — делінген БҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібеков Аслан Сағутдиновты бос плакат үшін емес, өз пікірін білдіргені үшін құрықтады.

— Құқық бұзушылықты жасаудың объективті жағы олардың бос плакатты көрсету емес, «Қазақстанда демократия мен сөз бостандығының жоқтығы туралы» саяси пікірлері болып табылады, ол қоғамдық орында өз пікірін білдірді, — деді Болатбек Белдібеков.

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-15
Утром12.17 ℃
Днем21.83 ℃
Вечером17.39 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.02 м/с
2026-04-16
Утром6.11 ℃
Днем10.84 ℃
Вечером12.27 ℃
Ночью8.57 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.46 м/с