6-12 мамыр аралығында БҚО полицейлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді
Оралда «Мәңгілік Даңқ — мәңгілік полк» акциясы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін.

Мерекелік күндерге байланысты қала көшелерінде және қоғамдық орындарда полиция нарядтары көп болады, әсіресе жаппай серуендеу өтетін жерлерде.
— Жүргізушілерді қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзудың, сондай-ақ, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларға қолайсыздықтар туғызуға бағытталған әрекеттердің барлық фактілері бойынша полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дереу әрекет ету шараларын қабылдайды,-деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
