БҚО тұрғындары Сириядан оралғаннан кейін қамауға алынды

«Жусан-2» операциясының нәтижесінде Сириядан Қазақстанға оралған 16 ер адам мен төрт әйел ДАИШ жағында лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Департаментінің бастығы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. Tengrinews.kz

-Қайтарылған адамдар Нұрсұлтан және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Атырау, БҚО, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан шыққан. Бұл адамдар өз еркімен отанына оралуға шешім қабылдады, олардың кейбіреулері өз әрекеттері үшін шет елдерде қылмыстық жаза қолдануға дайын. Олар Нұрсұлтан, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды және Шымкент қалаларында қылмыстық істерді тергеу орындарына кезең-кезеңімен жіберілді. Оларды қамауға алу туралы шешім шығарылды», — деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, қалған 55 баласы бар әйел Ақтау маңындағы арнайы бейімдеу орталығында бір айға жуық уақытқа орналастырылған. Медициналық тексеру жүргізіліп, карантин белгіленді. Олармен қосымша психологтар, теологтар, ҮЕҰ өкілдері жұмыс істейді. Жеке басын куәландыратын құжаттар қалпына келтіріледі. «Олар бойынша террористік іс-әрекетке қатысуға тексеру жүргізілуде. Карантин аяқталғаннан кейін кедергі келтіретін мән-жайлар болмаған кезде әйелдер мен балалар өзінің бұрынғы тұрған жеріне аттанады. Бұл жерде 156 баланың 107 — і жеті жасқа дейінгі, 43 — і жетіден 12 жасқа дейінгі, ал алтауы 12 жастан асқан. Ата-анасы қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен 18 жетім бала. Балалардың жартысынан көбі шетелде туылды», – деді Рахымбердиев. Естеріңізге сала кетейік, 7 және 9 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 231 қазақстандық Сириядан қайтарылды. Көшірілгендердің 156 бала, негізінен мектеп жасына дейінгі балалар, оның ішінде 18 жетім бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с