Орал мен БҚО ауа райы: алдағы үш күнде бұршақ жауып, күн күркіреп, көшпелі бұлт шығады
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша облыс бойынша кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Қала бойынша көшпелі бұлт шығады.

Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 15-20 градус жылы болады, кей жерлерде 12 градус. Күндіз ауа 25-30 градусқа дейін қызады.
Қала бойынша көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы 17-19 градус болады. Күндіз 28-30 градус.