Оралда бес қабатты үйдің балконында қонжық жүр
Үйдің жанынан өтіп бара жатып байқаған куәгерлер ерекше серуен жайында айтты.

— 9 мамыр күні шамамен сағат 21.39-да «102» пультіне Назарбаева даңғылы, 196 мекен-жайының екінші қабат балконында «қонжық» жүргені туралы куәгерлердің хабарламасы келіп түсті. Аталған мекен-жай бойынша полиция қызметкерлері келгенде ақпарат расталды. Сондай — ақ, қонжықтың 42 жастағы иесі бар екені анықталды. Әйел Ақтауда тұрады және аю баласына қатысты барлық тиісті құжаттарды ұсынды, – деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
– 8 мамыр күні, мен қоңыр аюларды өсіру үшін, одан әрі циркке беру үшін Ресейдің, Уфа қаласынан жануарды сатып алдым. Содан кейін біз Оралға жануарды жерсіндіру үшін келдік, – деді қонжық иесі.
Қонжық иесінің айтуы бойынша, ол пәтерді уақытша жалға алған, өзіне және жануарға тамақ сатып алу үшін, аз уақытқа шығып кеткен.
– Пәтерде қалған Мишутка балконға шығып, өтіп бара жатқан адамдарды қорқытты, – деді аюдың иесі.
Қылмыстық және әкімшілік бұзушылықтардың болмауын ескере отырып, материал іс жүргізу шешімі қабылданбай қалдырылып, номенклатуралық іске сақтау үшін есептен шығарылды, – деп хабарлады БҚО орман шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметі.
Мария Драчева