Үкіметте мереке күндері интернеттің болмауын қалай түсіндірді
14 мамыр күні, сейсенбіде үкімет дәлізінде қазақстандықтардың желге шығу мәселесі туралы журналистер ақпарат және қоғамдық даму министрі, Даурен Абаевпен және ұлттық экономика министрі Руслан Даленовпен, сөйлесуге тырысты деп хабарлайды. Forbes.kz.

— Мүмкін, оларға (провайдерлерге) жолығып, қандай ақаулар болғанын анықтау керек шығар, – деп ұсынды ол.
Сонымен қатар, 9 маусымда сайлау күні осындай ақаулар қайталануы мүмкін бе деген сұраққа жауап бере отырып, министр «ақаулар жойылатын болады»деген сенім білдірді.
— Мен 9 мамырда байқалып отырған қолжетімділікке қатысты мәселелер 9 маусымда қайталанады деп ойламаймын. Себебі провайдерлер осы уақытқа дейін өз техникасын жөндейді деп ойлаймын, – деді ол.
Өз кезегінде Руслан Дәленов Forbes.kz сұрақтарына жауап бере отырып, 9 мамыр күні интернетке қолжетімділіктің болмауы нәтижесінде бизнестің қандай шығынға ұшырағаны және ел бюджетіне қанша ақша түспегені туралы мәліметтер бар ма, деген сұраққа олқылықтардың болғанына таң қалып.
— Болған жоқ қой (ақаулар), — деді министр үкімет отырысының алдында. — Менде ақпарат жоқ.