14.05.2019 в 12:00 2 126

Негізгі тақырып Әлем

WhatsApp маңызды осалдықты анықтады. Оның салдарынан телефонға тыңшылық бағдарлама түскен

WhatsApp — тың елеулі осалдығы хакерлерге телефондарда пайдаланушыларды бақылауға арналған зиянды бағдарлама орнатуға мүмкіндік береді, деп мойындады Facebook ең танымал мессенджерлерінің бірінің иесі, деп хабарлайды BBC.

Қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықты WhatsApp бұдан он күн бұрын анықтап, кейін компания америкалық құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік жөніндегі сарапшыларды хабардар етті.

Шабуылдың мәні келесідей болады: пайдаланушының телефонына дауыстық қоңырау соғылады. Егер пайдаланушы қоңырауды қабылдамаса да, құрбанның телефонына смартфонның камерасы мен микрофонының көмегімен иесінің қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін зиянды бағдарлама орнатылады. Қоңырау туралы ақпараттың өзі құрылғы жадынан мүлдем жоғалуы мүмкін, деп жазады мессенджердің осалдығы туралы алғашқы хабарлаған британдық Financial Times.

WhatsApp осалдықты түзеп, барлық пайдаланушыларға соңғы нұсқаға дейін бағдарламаны жаңартуды ұсынды.

Financial Times ақпараты бойынша, тыңшылық бағдарламаны NSO Group «киберқару сатушы» атқа ие израильдік фирма әзірлеген. Негізінен фирма өз өнімдерін батыс және Таяу Шығыс арнайы қызметтері мен үкіметтеріне сатады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром3.57 ℃
Днем7.91 ℃
Вечером10.14 ℃
Ночью5.45 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.36 м/с
2026-04-22
Утром2.89 ℃
Днем8.93 ℃
Вечером12.24 ℃
Ночью8.58 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.32 м/с