БҚО-да балық аулау кезінде ер адам суға кетті
Қайғылы оқиға Ақжайық ауданындағы Киров су қоймасында орын алды.

59 жастағы ер адам 14 мамыр күні сағат 6.15-те балық аулау кезінде қайық аударылып, суға батып кетті.
— 15 мамыр күні сағат 11.15-те ТЖМ 7 қызметкері ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Жұмыс 2 техника бірлігі бойынша жүргізілді, – деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Мария Драчева
