Белсенділер сотта Сүйінбике Сүлейменоваға үкім жариялау кезінде флешмоб ұйымдастырды
16 мамыр күні Алматы мемлекеттік сотында Сүйінбике Сүлейменованың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті. Сот әкімшілік айыппұл туралы шешімді өзгеріссіз қалдыруға қаулы етті. Сүйінбикені қолдауға келгендердің бәрі нәтижені жариялағаннан кейін, ауыздарына «ұят» деген жазуы бар қағаз жапсырып алды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуір күні Сүйінбике Сулейменова, Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті «Шындықтан қашып кетпейсің. Менің таңдауым бар.» деп жазылған плакатты, 21 сәуірде марафонда көтергендері үшін кінәлі деп тапқан болатын. Сот Сүйінбике жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, демонстрацияларды немесе өзге де көпшілік іс — шараларды ұйымдастыру немесе өткізу тәртібі туралы ҚР заңнамасын бұзғанын мәлімдеді (ӘҚБтК-нің 488-бабының 1-бөлігі- ред. ескерту.). Сот шешімі бойынша Сүйінбикеге 20 АЕК әкімшілік айыппұл тағайындады. Кейін сот айыппұл мөлшерін Сүйінбикенің жүктілігіне байланысты 30% — ға төмендету туралы қаулы шығарды.
