Ержан Максим Игорь Крутой музыка академиясының оқушысы болады
Жас қазақстандық орындаушы Ержан Максимге Игорь Крутой өзінің музыкалық академиясына оқуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды «Хабар 24»телеарнасы.

«Қымбатты достар, бүгін мен үшін жемісті және қуанышты күн. Мәскеу елшілігінде мені Иманғали Тасмағамбетов қабылдады. Қызықты әңгімелесуден кейін ол мені Игорь Крутыймен таныстырды. Мен бұл туралы көптен күткен едім. Студияда тыңдағаннан кейін ол маған музыкалық академияда оқуды жалғастыруды ұсынды. Мен бұл ұсынысты үлкен қуанышпен қабылдадым. Енді сізбен де бөлісе аламын, күзден менің шығармашылығымның жаңа кезеңі басталады.Иманғали Нұрғалиұлының менің арманынды алды-ала жүзеге асырғанына өте қуаныштымын. Ол кісінің арқасында мен тек репертуарымды жақсартып қана қоймай, арманыма қол жеткіземін деп ойлаймын», — деп жазды өз instagram-да Ержан.
