БҚО-да үш күнде 43 мал ұрлығы ашылды
Полиция қызметкерлері облыс аумағында мал ұрлығының алдын алу, сондай-ақ бұрын жасалған ұрлықты ашу мақсатында «Мал ұрысы» атты жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

— «Жедел алдын алу іс – шарасы барысында БҚО полиция департаменті 43 мал ұрлығын ашты, оның ішінде 11 қылмыс кезекші тәулікте ашылды, 19 қылмыс бұрын жасалғандар қатарынан, 13 қылмыс «өткен жылдары жасалған», — деп хабарлады баспасөз парағында БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков.
Осылайша, баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының және Жаңақала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері БҚО Жаңақала және Бөкейорда аудандарының аумағында 13 мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстады.
БҚО полиция департаментінің айтуынша, мал ұрлығының себептерінің бірі қараусыз мал бағу болып табылады. Оның себебі көптеген ауылдардың бақташы қызметін төлеуге қабілетсіздігі немесе төлегісі келмейтіндігі болып табылады. Бұл ретте жоғалып кеткен азаматтар алдымен өздері іздеп, өз бетімен мал таба алмайтынын түсінген соң полицияға жүгінеді. Мал қауіпсіздігін сақтаудың тиімді әдісі болып табылады GPS трекер-құрылғы, ол тіпті ауданнан немесе облыстан тыс жерде болса да телефон арқылы олардың қозғалуын қадағалауға көмектеседі.
Толық ақпаратты алу үшін тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция органына жүгінуге болады.
Маргарита Зябчук
