Экологтар Жайық өзенін ластағаны үшін айыппұлдың көлемі туралы түсініктеме берді

Бұл өткен айда Жайық өзенінің Чапай шығанағы бетінде пайда болған май дақтары туралы. Экологтардың тексерісі «Су жолдары» және «Эсторал» кеме қатынасы кәсіпорындары орналасқан жағалау аймағында және Жайық суының бетінде мұнай өнімдерінің бар екендігін көрсетті. Әрбір кәсіпорынға 63 мың теңге айыппұл салынды. Неге өзенді ластағаны үшін шағын айыппұл тағайындалғандығын «ОА»анықтады.

«ОА» мұрағатынан алынған фото.

— Әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шешім қабылдау кезінде біздің инспекторлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін басшылыққа алады. Осы Кодексте белгілі бір құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар заңмен белгіленген. Сондықтан, онда қалай жазылған, солай қолданылады. Яғни, бес мың теңге болса, бес мың теңге, миллион болса — миллион. Бұл инспекторға байланысты емес, – деді БҚО экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов.

Экология департаменті басшысының орынбасары Мұрат Ермекқалиев те, өз басшылығының пікірімен келіседі және олар заң мен баптарды біз ойлап таппаймыз дейді .

Мұрат Ермекқалиевтің айтуынша, кәсіпорын басшылығы ҚР АК 337-бабының 2-бөлімі «Жерді бүлдіру» және ҚР АК 344-бабы «Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу, сондай-ақ ағынды суларға ағызу талаптарын бұзу» бойынша тартылды.

ҚР АК 337 бабының 2 бөлігіне сәйкес «Жерді бүлдіру» және «Улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштармен және өзге де қауіпті химиялық, биологиялық және радиоактивті заттармен оларды сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезінде оларды пайдалану ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен жерді улану, ластану немесе өзге де бүлдіру, сол сияқты бактериялық-паразиттік немесе тән зиянды организмдермен, бірақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соқпаған, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

АЕК — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-2019 жылға 2 525 теңге.

Маргарита Зябчук

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с