Оралда сайлауды тәуелсіз бақылау орталығы құрылды

Қоғамға алдағы ҚР президенті сайлауының нақты нәтижелерін білуге мүмкіндік беру, деп санайды ұйымдастырушылар.

Сурет интернеттен.

Тәуелсіз бақылау орталығы өз өтінімдеріңізді 8 747 0817 650 ватсап нөміріне жіберуіңізді сұрайды.

«Бақылаушы бола отырып, Сізге үміткерлердің біреуін қолдау қажет емес. Сіз бойкоттың немесе дауыс берудің жақтаушысы бола аласыз — сайлау қорытындыларының адалдығын бақылау бұған қатысы жоқ», – дейді тәуелсіз бақылау орталығының үйлестірушісі Асқар ШАЙГУМАРОВ. Және қосады:

— Егер адал сайлауды тәрелкемізге салып әкеліп беретінін күтетін болсақ, біз оған жете алмаспыз.

Қазіргі уақытта 30-ға жуық адам сайлау комиссияларының іс-әрекетін байқауға ниет білдірді.

Сайлаудан кейін орталық анықталған бұзушылықтар бойынша есеп береді.

Бақылаушы болу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну және оқудан өту керек. Осыдан кейін тәуелсіз бақылау орталығы бақылаушының куәлігін қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңы

20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары құқықты:

1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;;

2) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға, оның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатынасқандар туралы ақпарат алуға;;

3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайда болуға;;

4) тасымалданатын сайлау жәшіктеріне ілесіп жүруге, оның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;;

5) сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді нақты көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;;

6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;;

7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді өткізу кезінде олардың дауыс беруге арналған үй-жайға келуі мүмкін болмаған жағдайда қатысуға;;

8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санау және өтеу кезінде қатысуға;;

9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі келтірмей, фото -, аудио — және бейнежазбалар жасауға;;

10) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;;

11) дауыс беру өткізілгеннен кейін сайлау комиссиясының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;;

12) сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заңның талаптарын бұзуға аударуға, оларға тиісті жазбаша арыздарды, бұзушылықтар туралы актілерді беруге және тапсырылғаны туралы белгі алуға құқығы бар. Сайлау комиссиясының төрағасы, оның орнындағы адам сенім білдірген адамдардың, байқаушылардың өтініші бойынша дауыстарды санау хаттамасына өздері жасаған актілерді қоса беруге міндетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с