Бізде су тасымалдау реттелген- Орал ауруханасының қызметкерлері

Кәріз станциясындағы апат салдарынан қала аудандарының көп бөлігі сусыз қалды. Оның ішінде медициналық мекемелер де бар.

Иллюстрациялық фото

Қала тұрғындарының көпшілігі тәулік бойы сусыз, болып жатқан жағдайға әртүрлі көзқарас бар. «Орал апталығы» редакциясына әлеуметтік желілерден көптеген хабарламалар, қоңыраулар келіп жатыр,біреулер ашулы, біреулер жағдайға түсіністікпен қарайды.

«ОА» журналистері қаланың ауруханаларында қалай болып жатқандарын анықтады.

— Біз суды айырған аудандарға жеткізуді қамтамасыз етеміз. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар ауруханалар, перзентханалар, медициналық орталықтар, – деді БҚО ТЖД Азаматтық қорғау саласындағы бақылау және апаттар тәуекелдері басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев.

— Бізде су айырылған жоқ, – деп хабарлады облыстық перинаталдық орталықта.

«Медициналық орталық» ЖШС, (бұрынғы темір жол ауруханасы) мекемелерінде бар өз су сорғысын қосқан.

– Қысым, әрине, әлсіз, бірақ біз өзіміз үлгіртіп жатырмыз. Қандай да бір проблема болған жағдайда бізге сумен қамтамасыз етілетінін айтты,-дейді «Медициналық орталық»ЖШС шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Қадырбек Бижанов.

Қалалық көпбейінді ауруханада да осындай жағдаймен қалай болып жатқандарын айтты.

— Бізде су тасымалдау реттелген. Сағат таңғы 9-да, бізге су әкелді, біз қолдағы бар ыдыстарға құйып алдық, содан кейін сағат 15.00-де әкелді. Бізге сусыз қалуға болмайды, өйткені, бізде перзентхана бар. Сонымен қатар қызметкеріміз өз су таситын көлігін аулаға әкеліп қойды,оны да толтырып жатырмыз, әзірге бізде су қоры бар. Бірінші қабатта бізде су ағып тұр, қысымы әлсіз болғанмен әйтеуір бар ғой, – деді ҚКА шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Нұрия Хитқалиева.

Мария Драчева

x
2020-06-01
Утром20 ℃
Днем20 ℃
Вечером20 ℃
Ночью17.49 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра2.72 м/с
2020-06-02
Утром18.71 ℃
Днем26.06 ℃
Вечером21.95 ℃
Ночью18.22 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра3.02 м/с