Президенттікке үміткерлердің қысқаша сайлауалды бағдарламалары қандай?
«ОА» журналистері басты тезистерді іздеуде мәтіннің көптігінен басыңызды ауыртпас үшін, үміткерлердің бағдарламаларынан ең қажеттісін жинады.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазіргі Қазақстан президенті, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясынан үміткер, басқа кандидаттардан айтарлықтай ауқымды президенттік бағдарламамен ерекшеленді.Саяси дамуында Қасым-Жомарт Тоқаев өткен президенттің стратегиясын ұстанып, елді жаңғыртуға баса назар аударады.Сондай-ақ,президенттің жоспарында елдің инфрақұрылымын дамыту, үштілділікті енгізу (қазақ тіліне артықшылық бере отырып), Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыру. Әміржан Қосанов
«Ұлт тағдыры» партиясынан атынан шыққан кандидат демократиялық нормаларға сәйкес келмейтін заңдарды өзгертуге, митингтер өткізуге және ел азаматтарына сөз еркіндігін беруге ниетті. Кандидаттың басты басымдықтарының бірі қазақ тілінің маңыздылығын арттыру және оны мемлекеттік қызметшілер арасында міндетті түрде меңгеру болып табылады. Сондай-ақ, бағдарлама арасында сыбайлас жемқорлардың мүлкін тәркілеуді, Еуроодаққа бағыт алуды және барлық экологиялық зиянды кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуды атап өтуге болады. Жамбыл Ахметбеков
Коммунистік Халық партиясынан үміткер өзіне жас ұрпақты рухани тәрбиелеу, батыстан келген құндылықтан бас тарту, бай адамдар арасында табыс салығын арттыру сияқты мақсаттарды бөлді. Оның бағдарламасы сыбайлас жемқорлардың қатаң жазалануын және шығарылған капиталдардың елге оралуын білдіреді.Өз бағдарламасында Жамбыл Ахметбеков Қазақстан үшін көршілес елдермен экономикалық ықпалдастыққа да көңіл бөледі. Дания Еспаева
Президенттікке үміткер жалғыз әйел қазақстандық бизнесті дамытуға баса назар аударады. Президент лауазымында бола отырып, Дания несие бойынша ставкаларды төмендету, салық жүйесін жеңілдету арқылы отандық компанияларды дамыту үшін көбірек мүмкіндіктер ұсынғысы келеді. Дания Еспаева қазақ тілі мен Конституцияның негіздерін білу емтиханын тапсырған кезде ғана азаматтық беруді ұсынады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және шенеуніктердің жариялылығы туралы материалдарды жариялау кезінде журналистерді қорғауды жоспарлап отыр. Төлеутай Рахымбеков
«Ауыл» партиясынан дауысқа түсетін Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында аграрлық өнеркәсіп пен ауыл қоныстарын дамытуға бағыттайды. Қазақстанның дамуында ол бірінші кезекте аграрлық мәселені көріп отыр. Кандидат бағдарламасының басым бөлігі ауылға бағытталған: ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды, ауылдық кооперативтерді дамыту, ауыл және қала тұрғындары арасындағы теңдікті қамтамасыз ету.Оның бағдарламасының негізі халықтың рухани және дәстүрлі құндылықтарын сақтау болып табылады. Амангелді Таспихов
Ауыл тақырыбын кәсіподақтар Федерациясынан үміткер де сөз етті, ауылдағы құрылыс пен ауылдағы оқуға жеңілдіктер беруді ұсынды. Бұдан басқа, Амангелді Таспихов жұмысшылар тобына үлкен көңіл бөледі – еңбекшілердің құқықтарын қорғау, еңбектің қауіпсіз жағдайы және лайықты жалақы оның сайлау алдындағы компаниясының басты бөлігінің бірі болып табылады. Кандидаттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі басқа сайлауалды бағдарламалармен ұқсас-шығарылған капиталдардың Қазақстанға оралуы. Садыбек Түгел
Президент сайлауына түсетін «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысының мүшесі өз бағдарламасында Конституцияны қозғап, билер сотын құруды, қазақ тілі мәртебесін көтеріп, тілді білмейтіндерге мемлекеттік қызметке тыйым салуды ұсынды.Сайлау алдындағы компанияның саясаты халық арасында табиғи ресурстардан түскен пайданы бөлуге және шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салуға бағытталған. Өзінің үгіт-насихатында кандидат жас отбасыларға да көңіл бөлді- жеңілдетілген ипотека, әйелдер мәртебесі мен көп балалы отбасылардың жәрдем ақысын көтеру. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты Садыбек Түгелдің басқа қандитаттардан айырмашылығы – шығарылған капиталды қайтарудан басқа, ол сыбайлас жемқорлық үшін өлім жазасын кесуді ұсынды. Алексей Воробьёв
Помогите нам рассказывать правду
Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.
Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.
Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!
Это просто сделать.
Можете нас поддержать через KASPI GOLD , отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61
Қосылыңыз және түсініктеме беріңіз: