Оралда су беру қайта қалпына келтіріледі
Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

– Апатты кәріз учаскесінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді су беру қайта басталады! – деп жазды жарияланымда ол.
Әкім су қысымы біртіндеп көтерілетіндігін, сондай-ақ коммуналдық қызмет қызметкерлеріне еңбегі үшін, қала тұрғындарына шыдамдылық пен түсінушілік үшін алғысын білдірді.
Алексей Воробьев.