Богдановка ауылының тұрғындары 2 ай бойы судың болмауына наразы (БЕЙНЕ)

Богдановка ауылдық округінің әкімі «Ақ бұлақ»мемлекеттік бағдарламасы бойынша ескі су құбырының орнына жаңа су құбырын салуды шешті. Бұл ретте ауыстыру кезінде қазылған су құбыры ауыстырылмай сол күйі қалды.Судың болмауын әкім Молодежная көшесі үшін құбырға арналған қосалқы жабдықтарға тапсырыс берілгендігімен түсіндіреді.

Богдановка ауылы Молодежная көшесіндегі қазылған су құбыры

-Бізге «Ақ бұлақ» бағдарламасынан келгенге дейін бізде жақсы шойын су құбыры болды, сумен мәселе болған жоқ. Біз ауыл тұрғындарымен өздеріміз ақша шығарып, құбырлар салып, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Су құбыры 85 жылдан бері жақсы жағдайда, – дейді Теректі ауданы Богдановка ауылының тұрғыны Дамир Сайфуллин.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, осы учаскедегі қызметкерлер: «әкім бізге рұқсат берді, иесіз су құбыры, оны қалай алсаңызда өздерің білесіңдер?»деген. Қызметкерлер көшенің учаскесін қазып, оны тастап, орталық көшеге көшті, онда су құбырын ауыстырды. Енді орталық көшеде су бар. Ал Молодежная көшесінің тұрғындарына көршілес көшеге барып су алуға тура келеді.

Ауыл тұрғындары айтқандай, Молодежный көшесі бойынша бірде-бір машина жүре алмайды. Бұл қазылған шұңқырға сиыр құлап кеткен жағдай болды. Енді тұрғындар балалардың құлап кетуінен қорқады, ал жаңбыр жауса — бұл жағдайды қиындатады.

-Мен 63 жастамын, суға шелекпен бара алмаймын, баклашкамен барамын. Ал әкім маған былай дейді: «Бұлшықеттеріңді шынықтырасың». Бұл ұят емес пе?-дейді наразы ауыл тұрғыны Ирик Сайфуллин.

Богдановка тұрғындарының айтуынша, тәулігіне тұрмыстық қажеттіліктерге және мал азығына шамамен 200 литр су кетеді. Кейбіреулер күніне 4-5 рет суға барады.

-Біз қандай ғасырда өмір сүреміз? Суды иінағашпен тасуға тура келеді. Бұл иінағашқа 45 жыл болды. Бекер сақталмаған. Біз, әдетте, осы уақытта құстарды сатып аламыз, енді суды өздеріміз үшін тасимыз ба, әлде құстар үшін бе түсініксіз. Мен бір барғанда 20 литрден аламын. Мен үйрендім, басқа жол жоқ. Ешкімге бізбен ісі жоқ. 40 градус ыстық, ал біз сусыз отырмыз. — дейді наразы Богдановка тұрғыны Сандуғаш Құрпекова.

Богдановка ауылдық округінің әкімі Әсет Әубәкіров судың ұзақ болмауы құбырларға тапсырыс бергендіктен деп түсіндіреді.

-Біз бұл учаскені тастамадық. Трактордың бір орында тұрмай жұмыс істеуі керек. Алдымен біз барлық жерде су құбырын қазамыз. Содан кейін су құбырын тарту үшін үштіктер келгенде, екі аптадан кейін суды қосамыз, – деп түсіндірді Әсет Әубәкіров.

Ауылға су құбырын тарту туралы тапсырыс алған «Жолаушы — Жол» ЖШС мердігерлік ұйымы әзірге «ОА» – мен байланысқа шықпай тұр.

Маргарита Зябчук

x
2019-12-08
Утром-1.9 ℃
Днем0.71 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-3.61 ℃
Влажность99 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.84 м/с
2019-12-09
Утром-3.35 ℃
Днем-1.34 ℃
Вечером-4.66 ℃
Ночью-5.77 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра2.74 м/с