Алматыда «Ұлт тағдыры» бақылаушысына қол жұмсаған

Алматыдағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде таңертең дауыс беруге келген азаматтардың бірі «Ұлт тағдыры» қозғалысының бақылаушысына қол жұмсаған. Бұл ақпараттты Азаттыққа құқық қорғаушы Ерлан Қалиев және бақылаушы Бақытжан Әбдірашитов хабарлады.

Сайлау учаскесіндегі бақылаушыларға арналған орын. 9 маусым 2019 жыл.

Алматыдағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде таңертең дауыс беруге келген азаматтардың бірі «Ұлт тағдыры» қозғалысының бақылаушысына қол жұмсаған. Бұл ақпараттты Азаттыққа құқық қорғаушы Ерлан Қалиев және бақылаушы Бақытжан Әбдірашитов хабарлады.

Олардың айтуынша, учаскеде сайлаушылар мен бақылаушылар арасындағы кикілжіңді телефонға түсіріп тұрған Әбдірашитовке белгісіз біреу қол жұмсаған.

– Телефонға түсіріп тұрғанда сондағы жігіттердің бірі «мені неге телефонға түсіресің?» деп маған қол жұмсады. Телефонымды қағып жіберді. Бетімді қолыммен басып, ұрайын деді. Бірақ осы учаскені қарайтын полиция қызметкеріне шағымданып едім, ол ештеңе істей алмайтынын айтты, – деді Азаттыққа Бақытжан Әбдірашитов. Оның айтуынша, қол жұмсаған адам кейін қашып кеткен.

Әбдірашитовтың түсіндіруінше, бүгін сайлау учаскесіне жүзден астам студент бір мезгілде келіп, «сайлау учаскесі өкілдеріне келіп, фамилиясын емес, реттік нөмірін айтқан. Осы жайт бақылаушыларға күмәнді болып көрініп, кикілжің туындаған».

– Мысалы, студенттің бірі 149-ші нөмір деді. Сайлау учаскесінің өкілі тізімнен оларды осылайша еш қиындықсыз тауып отырды. Студенттер қайдан біледі реттік нөмірін? Осының бәрі күмәнді көрінді, – дейді Бақытжан Әбдірашитов.

Оның айтуынша, бұл оқиғаны бақылаушылар тіркеген. Мұнда бірнеше бақылаушы жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында Қырғызстан, Түркиядан келгендері де бар.

www.azattyq.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

one + 19 =

x
2024-02-23
Утром-25.04 ℃
Днем-15.01 ℃
Вечером-17.81 ℃
Ночью-23.32 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра2.53 м/с
2024-02-24
Утром-24 ℃
Днем-14 ℃
Вечером-16.54 ℃
Ночью-21.32 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.07 м/с