Оралда пикетке қатысы бар деген күдікпен қыз ұсталды
Бүгін шамамен түске қарай Оралда Әлия Әбілхаирова ұсталды. Бұл жөнінде құқық қорғаушы, Орал қаласындағы адам құқықтары жөніндегі бюро филиалының директоры Павел Кочетков телефон арқылы мәлім етті. Оның айтуынша, қызды жеке пикетке қатысы бар деген күдікпен ұстаған.

– Алдымен оны пикет үшін айыптамақ болды, енді қайдағы бір «беймәлім» қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алуда. Олар оны ұсталғаннан бері сусыз және тамақсыз ұстап отыр, сонымен қатар куәгерден алуға құқы жоқ, ұялы телефонын алып қоймақшы. Қазір ол маған жақсы қорғаушы тауып беру туралы өтініш берді, өйткені ол полиция тарапындағы қорғаушыларға сенбейді, — деді құқық қорғаушы.
Алексей Воробьев