Оралда тұрғын үйдің қосалқы бөлігінен өрт шықты
Тоғыз қабатты үйдің бірінде кіреберістер арасындағы үстіңгі қабаттың қосалқы үй-жайында тұрғындардың жеке заттары өртенді
— 9 маусым күні 4 шағын ауданда 10А, 4 кіре берістк, 22 сағат 2 минутта 8-ші және 9-ші қабаттардың арасында өрт шықты. БҚО ТЖД қызметкерлері 52 адамды, оның ішінде 15 баланы кіреберістен эвакуациялады. Өрт 22 сағат 38 минутта сөндірілді. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 16 адам және 6 бірлік техника шықты, – деп хабарлады ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.
Мария Драчева