БҚО-да менингиттің үш жағдайы тіркелді
Екі сәби мен жиырма жастағы жігіт ауырған. 10 айлық бала іріңді менингиттен қайтыс болды, менингококтық инфекция анықталған 9 айлық бала мен ер адам емделіп шықты.

— Қалалық көпбейінді ауруханаға 10 айлық бала ауыр халде түскен. Өкінішке орай, баланы құтқару мүмкін болмады, ол 10 маусымда жан сақтау орнында қайтыс болды. 9 айлық сәбиге диагноз клиникалық деректер негізінде расталды, ал ер адамға зертханалық түрде менингококтың С тобының бөлінумен анықталды. Іріңді менингит пен менингиттің қоздырғышы екеуі, екі түрлі. Іріңді менингит адамнан адамға берілмейді, бұл менингиттің қоздырғышы энтеровирус болып табылады. Іріңді менингит немесе серозды вирустық менингит, – дейді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Валентина Кенжеғалиева.
Қазіргі уақытта инфекциялық ауруларды қадағалау басқармасында облыс тұрғындарын іріңді менингитке мұқият болуды сұрайды.
– Қазір жаз, жемістер мен көкөністердің уақыты, сондай-ақ өзендер мен су қоймаларында шомылу маусымы болғандықтан, серозды менингитпен ауыру қаупі бар, сондықтан жуылмаған көкөністер мен жемістерді қолданбаңыз, сондай-ақ суға шомылуға бара жатқан кезде, суға сақ болыңыз,деді Валентина Кенжеғалиева.
Бұл туралы БҚО санитарлық — эпидемиологиялық жағдай жөніндегі баспасөз мәслихаты барысында Валентина Кенжеғалиева журналистерге айтты.
5 ай ішінде облыс бойынша сальмонеллезбен және тамақтан уланумен 32.5 есеге өскен.
– Жіті ішек аурулары екі есеге азайған, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда жарты есе аз. Қазіргі уақытта облыста 100 қызылша жағдайы тіркелген. Олардың 19 – ы бір жасқа дейінгі және 43-і 14 жасқа дейінгі балалар, – дейді БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Кубатаев.
Ринат Кубатаевтың айтуынша, Бөкейорда ауданында – 6, Бәйтерек – 20,Бөрлі – 7, Сырым – 4, Теректі – 4, Оралда – 59. Облыста қызылшаның өсуін оқшаулау үшін облыста қызылшаға қарсы, әсіресе халықтың осал топтарында қосымша иммундау жүргізіледі.
Сәуір мен мамыр айларында 6 273 адам егілді,оның ішінде 3 082 бала 9 және 10 ай. Сондай – ақ 2 887 адам медицина қызметкерлеріне егілді.
Облыста ротавирустық энтерит жұқпасы бес есеге дерлік төмендеді,ЖРВИ мен тұмау 21 есеге төмендеді.
Мария Драчева